$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Түркістан облысында "Келешек мектебі" сапасыз салынған

Түркістан облысында "Келешек мектебі" сапасыз салынған

Түркістан облысының Жетісай ауданында жаңадан салынып жатқан «Келешек мектебі» тапсырылу мерзімінен 1 жарым жылға кешіктірілуде. Жаңа құрылыстың сапасы  сын көтермейді. Кезекті тексеру кезінде олқылықтар анықталды. Білім мекемесінің құрылысына  8,5 млрд. теңге жұмсалған. Алайда, ғимарат пайдалануға берілмей жатып, қабырғасы қақырап тұр дейді мамандар.  Шатырынан су ағып, жертөлеге дейін көлкіп жатыр.  Мамандар жер тегістеу шаралары дұрыс жасалмағанын айтады. Салдарынан,   ғимараттың іргетасы мен қабырға арасы 25 см-ге дейін ашылып, жарықтар пайда болған. Нысанның баспалдақтары қисайып, төсемелері қазірден сынып жатыр. Аудан өкілдері бұған дейін де бірнеше рет зерделеу жүргізілгенімен анықталған кемшіліктерді ретке келтірілмей,  ақаулар жөнделмегенін айтады.

СЕРІК МАМЫТОВ, ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

2024-тің негізі сентябріне дейін беру керек едіңіздер. Сосын 2024-тің аяғына дейін дедіңіздер. 2025-ші жылға дейін ауысты. Декабрьге дейін үлгереміз, Жаңа жылға береміз деген, келіскенбіз. Уже 2026-шы жыл. Сіздердің мына түрлеріңізбен бар ғой 2027-ші жылға дейін созылатын сияқты. Мен сразу айтамын, пока до конца бітірмегенше мен мұны қабылдамаймын!