$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қаңтардың 1-нен бастап SIM-карталарды сатып алу тәртібі өзгерді

05.01.2026ж. 19:00
Қаңтардың 1-нен бастап SIM-карталарды сатып алу тәртібі өзгерді

Павлодарда алаяққа алданған зейнеткер пәтерінен айырылды. Егде жастағы  адамды арбауына түсірген  әккі  алаяқтар пәтерін сатқызып, ақшаны қалтасына басқан. Өткен жылы өңірде 2 мыңнан астам адам алаяқтың құрбаны болыпты. Алаяқтық туралы күнде айтылса да, оған сеніп қалғандар азаймай тұр. 

Алаяққа оңбай алдандардың бірі - Любовь Коновалова. Ол "алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдеген.  Соны тез арада жабыңыз" деген жалған банк қызметкерінің сөзіне сеніп қалған. Егде жастағы адамды арбауына түсірген «әккі ұрылар» несиені жабу үшін пәтерін сатуға көндірген.

ЛЮБОВЬ КОНОВАЛОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Олар маған пәтеріңді сат деп шарт қойды. Мен басында пәтерімді сатпайтынымды айтып, бас тарттым. Олар сен сатпасаңда біз сатуға қойып қойдық деді. Осы кезде есімнен алжаса жаздадым. Сөйтсем олар мені қорқыту арқылы  мүлкімді иемденбек болыпты.

Осылайша, айналдырған 3 аптаның ішінде зейнеткерге пәтерін сатқызып, 10 млн. теңгені  өздерінің шоттарына аудартып алыпты. Ақыр соңында  ол пәтерінен де, ақшасынан айырылып қалды. Өңірде өткен жылы осы секілді айламен 2 мыңнан астам адам алаяқтың құрбаны болған.

РИЗАБЕК ЖАНАТ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

2025 жылы Павлодар облысында 2186 алаяқтық дерегі тіркелді. Алаяқтық бойынша қылмыс 53 пайызға өсті. Аталған қылмыстардың 304 ашылып, шығын қалпына келтірілді.

Өткен жылы  ішкі істер министрлігі алаяқтардың 19 млн. қоңырауын бұғаттады. Шетелдерде және Қазақстанда орналасқан 13 call орталықтың жұмысына тосқауыл қойды.

ЖАНДОС СҮЙІНБАЙ, ҚР ІІМ КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Мұндай қылмыспен күресте үш бағытты біріктіріп, қолданып күресу керек. Ол мысалы заңнамалық шаралар. Екінші жанағы техникалық шаралар. Үшінші бұл прфилактикалық шаралар. Біздің азаматтарымыздың компьютерлік, қаржылық сауаттылығын көтеру. Үш жақты шараларды бірге бірлесіп жұмыс атқарған кезде ғана киберқылмысты тоқтатуға болады.

Қаңтардың 1-нен бастап SIM-карталарды сатып алу тәртібі өзгерді. Енді жеке нөмір алу үшін биометриялық тексеруден өту керек. Бұл да- алаяқтыққа қарсы жасалған шара. Қауіпсіздік үшін 1 адамға 5 SIM-карта артық берілмейді.