Бүгіннен бастап қазақстандық жүргізушілер көлікке берілетін мемлекеттік тіркеу нөмірін өз қалауымен таңдауға мүмкіндік алды. Бұған дейін ол автоматты жүйе арқылы берілетін, енді азаматтың сұранысына сай рәсімделеді. Жаңа ереженің тәртібі қалай? Жомарт Түзелбай айтады.
ЖОМАРТ ТҮЗЕЛБАЙ, ТІЛШІ:
Жаңалықты естіген бойдан халыққа қызмет көрсету орталықтарына келген адам көп. Ішке кіру мүмкін емес. Бір бөлімшенің өзіне үш сағатта 500-ден астам сұраныс түскен. Нөмірдің құны 43250 мен 64875 теңге шамасында.
Бұл - нөмірге қызығатындар үшін таптырмас мүмкіндік. Өзіңіздің қалауыңызша кез келген әріп пен сандарды таңдай аласыз. Азаматтар есімінің алғашқы үш әрпін немесе қысқартылған түріне тапсырыс беруде. Әдемі әріптерден құр қалмайын деп таң сәріден кезек күткендер де бар.
БЛИЦ:
- Жаңалықты көре сала сразу кеп алдым. Таңғы сағат 4-те кеп алдым. Осы цонға. Күттік ашылғанын. Очередь көп болды. Адам көп болды. Кезінде қымбат нөмірлерді арзанға алып жатыр. Өзіңіз қандай нөмір алдыңыз? 505DAR02 Не себепті? Өзімнің есімім Дархан ал 505 деген сан өзіме ұнайды.
- Менің мұнда келгеніме 1 сағаттан асты. Адам өте көп. Осыны егов арқылы істегенде, бұлай кезек күтпес едік. Бірақ баға тиімді. Оны мынау, келіп жатқан халықтың көптігінен байқауға болады.
Мемлекеттік тіркеу белгіңізді өзгерту үшін халыққа қызмет көрсету орталығына келуіңіз міндетті.Қашықтан тапсырыс беру қарастырылмаған. Мамандардың айтуынша, бір ғана бөлімшеде түске дейін шамамен мыңға жуық адам кезекте тұрған.
АРАЙ ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
Арнайы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы таңдай алады. Бұл ретте, кез келген қажетті әріптік және цифрлық белгілері бар МТНБ құны 10 АЕК және 15 АЕК мөлшерінде болады
Алайда бұл бағаның жоғары сұранысқа ие нөмірлерге қатысы жоқ. 777, 555 деген сынды тіркеу белгілерінің құны бұрынғыдай. Бұл сандар шамамен бір миллион теңгеден жоғары сатылады. Себебі, ол жүргізушілер арасында мәртебе белгісі ретінде кең сұранысқа ие.