$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында екі жаңа спорт кешені ашылды

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында екі жаңа спорт кешені ашылды

Қазатомөнеркәсіптің қолдауымен Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында екі жаңа спорт кешені ашылды. Бұл нысандар өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға, ауыл жастары мен еңбек адамдарына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Кейден ауылында пайдалануға берілген жаңа күрес залы Қазатомөнеркәсіптің қаржыландыруымен бой көтерді. Ұлттық компанияның басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов салтанатты шараға арнайы қатысып, тұрғындардың қуанышына ортақтасты. Нысан соңғы үлгідегі спорттық жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілген.

ОРАЗАЛЫ ӘБЖАНҰЛЫ, АУЫЛДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Балалар кішкентай ғана бөлмеде жаттығу жасап дайындалатын еді, енді мінекей, дайын душтары, үлкен зал. Бұл ауыл қазір біраз жыл болды атомпромның көп көмегін көріп жатырмыз. ҚазАтомпромның қолдауымен бізге аяқ су тегін беріледі 6 ай бойы. Соның арқасында ауылымыз гүлденіп, көгеріп жан-жағымыз осындай болып тұр.

Жайлы спорт залдар санитарлық және қауіпсіздік талаптарына сай келеді. Жаңа жағдай жасалған соң, балалардың спортқа деген көзқарасы да өзгерген. Жеңіске жетіп, биік белестерді бағындырсам дейді.

НҰРСҰЛТАН ДАРХАНҰЛЫ, ЖАС СПОРТШЫ:

Жып-жылы алдыңғы спорзалдан қарағанда. Менің арманым республикалық турнирлерден бірінші орын алу Қазақстанның чемпионы болу. Олимпиядаға шығып, қазақстанның көк туын желбіретіп, барша әлемге таныту.

Тағы бір спорт кешені Жаңақорған ауданындағы СКЗЮ күкірт қышқылы зауыты маңынан бой көтерді. Қазатомөнеркәсіптің бұл жобасы кен орындарында еңбек ететін жұмысшыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында жүзеге асырылды.

САҒЫНЫШ ОРЫНБАСАРОВ, «SKZ-U» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:

KAZATOMPROM өңірлердің тұрақты дамуы мен халықтың өмір салтын арттыру әлеуметтік  жауапкершіліктің маңызды бағыты. Мұндай жобалар салауатты өмір салтын насихаттауға жастардың әлеуметтік дамуын және жергілікті қауымдастықты нығайтуға ықпал етеді. KAZATOMPROM  алдағы уақытта да өңірлерде әлеуметтік маңызы бар бағыттарды қолдауды жалғастыра береді. 

Қазатомөнеркәсіп өзі қызмет ететін өңірлердің өзекті мәселелеріне ерекше ден қойып келеді. Мысалы, Түркістан облысының Шолаққорған ауылында апатты үйде тұрып келген халыққа баспана сыйлап, ондаған отбасы жаңа қонысын тойлады. Мұндай жобалар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.