$541.34 €640.73 ₽6.53
×

ШҚО-да жыл басталғалы 50-ден астам нәресте дүниеге келді

05.01.2026ж. 20:32
ШҚО-да жыл басталғалы 50-ден астам нәресте дүниеге келді
фото: pixabay

Шығыс Қазақстан облысында 2026 жылдың алғашқы 4 күнінде 50-ден астам нәресте дүниеге келді. 

— Дәрігерлер жаңа жыл кезінде де, одан кейінгі мереке күндерінде де әдеттегідей үздіксіз жұмыс істеді. 1 қаңтар сағат 00:00–ден 2 қаңтарға дейінгі аралықта 12 баланың кіндігі кесілген. Оның ішіндегі 8-і ұл және 4-і қыз. Ал 2 қаңтардан 4 қаңтарға дейін 19 ұл және 23 қыз бала туып, жалпы 42 нәресте дүниеге келді, — делінген ақпаратта.