Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері қала аумағындағы дүкендер мен қоғамдық тамақтану орындарында (кафе, асхана) тұрмыстық газ баллондарын қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын тексеру мақсатында рейдтік іс-шара өткізді.
Рейд барысында газ баллондарын сақтау, орнату және пайдалану тәртібі, олардың техникалық жағдайы мен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі қаралды. Сауда және қоғамдық тамақтану нысандарының иелеріне газ баллондарын дұрыс қолдану, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шара қала аумағында өрт пен төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында ұйымдастырылды.