2025 жылы Мәжіліс депутаттары қалай жұмыс істеді? Атқарылған шаруалардың сапасы қандай? Қабылданған шешімдер мен заңдар шынымен елдің игілігіне жарай ма? Халықтың әл-ауқаты мен мемлекеттің жағдайы қандай күйде?
Осындай бірақатар көкейтесті сұраққа SHYNDYK.KZ подкасында қонақта болған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "AMANAT" фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев кеңінен тарқата жауап берді.
Депутаттардың жұмысы қоғамдағы әлеуметтік көрсеткіштер арқылы бағаланады. Мәжіліс спикерінің айтуынша, соңғы жылдары депутаттарға деген халықтың сенімі артып келеді. Бұған нақты шешімін тапқан өзекті мәселелер мен өңір тұрғындарының депутаттарға деген сұранысының жоғары болуы дәлел.
Мәжілісмен "Депутаттарға берілген баға - Қазақстандағы нақты көрсеткіштер мен азаматтардың ризашылығы" дейді. Сонымен қатар ол 2022 жылғы Қаңтар оқиғаларынан кейін Қазақстанда жүзеге асырылған саяси реформаларға да тоқталып, олардың қоғам өміріндегі маңызын атап өтті.