$541.34 €640.73 ₽6.53
×

ТЖМ құтқарушылары жүк көлігіндегі өртті сөндірді

ТЖМ құтқарушылары жүк көлігіндегі өртті сөндірді
Фото: shymkent13.ru

Астана қаласының Нұра ауданында Ш.Айтматов пен Сығанақ көшелерінің қиылысында жүк көлігі өртенді. Оқиға туралы хабар түскен бойда ТЖМ бөлімшелері жедел түрде оқиға орнына жіберілді.

Өрт сөндірушілер келген кезде жүк көлігінің кабинасы ашық жалынмен жанып жатқан. Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында өрт толықтай сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.