$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Олжас Бектенов бір апта ішінде ет экспортын арттыру жөнінде нақты шаралар әзірлеуді тапсырды

06.01.2026ж. 12:38
Олжас Бектенов бір апта ішінде ет экспортын арттыру жөнінде нақты шаралар әзірлеуді тапсырды
фото: pixabay

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов ет экспорты және мал шаруашылығын дамыту бойынша ауыл шаруашылығы министрлігіне нақты шаралар қабылдауы үшін бір апта уақыт берді.

«Мемлекет басшысы егін шаруашылығындағы оң нәтижелерді атап өтті. Мал шаруашылығы саласындағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды. Осыған орай Ауыл шаруашылығы министрлігінің алдына бір апта ішінде ет өндірісі мен экспортының көлемін арттыру жөніндегі нақты шаралармен бірге, мал шаруашылығын одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар енгізсін», - деді Премьер-министр.


Сондай-ақ шаруаларға жеңілдетілген несие беру тетігін кеңейтуді тапсырды.