Астана халықаралық әуежайында 12 рейс кешігіп жатыр, ал 1 рейс тоқтатылды.
«Қону бойынша 7 рейс кешіктірілді, Түркістаннан келетін 1 рейс тоқтатылды. Ұшып шығу бойынша 5 рейс кешіктірілді. Кешігудің себептері Шымкент және Қостанай бағыттарында баратын әуежайлардағы қолайсыз метеорологиялық жағдай және Қызылорда, Алматы және Камрань бағыттарындағы рейстер әуе кемесінің кеш келуіне байланысты кешігіп жатыр», - деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.