$541.34 €640.73 ₽6.53
×

2027 жылы ҰБТ тапсырмалары өзгереді

06.01.2026ж. 15:33
2027 жылы ҰБТ тапсырмалары өзгереді
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Ұлттық бірыңғай тестілеу мазмұнын өзгерту жоспарланған. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы Гүлжан Жарасова айтты. 

- Биыл ҰБТ өзгермейді. Келесі жылдан бастап тапсырмалар мазмұны талапкерлеріміздің дағдысын айқындауға мүмкіндік беретін халықаралық стандартталған тестіге бейімделетін болады. Осы орайда бұл талапкерлерімізге қосымша жүктеме болмайтынын, керісінше олардың қаншалықты білімді екенін, оларды білім алу барысында қалай қолдана алатынын анықтауға мүмкіндік беретіндігін тағы да атап өткім келеді, - деді комитет төрағасы.