$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қазақстан әлемдік ТОП-50 экономиканың қатарына кірді

06.01.2026ж. 16:18
Қазақстан әлемдік ТОП-50 экономиканың қатарына кірді
Фото: rus.azattyq-ruhy.kz

World Economic Outlook Халықаралық валюта қорының дерегіне сәйкес, Қазақстан жалпы ішкі өнім көлемі бойынша әлемде 50-орында тұр. Елдің ЖІӨ - 300 млрд АҚШ долларын құрайды.

2000–2025 жылдар аралығында Қазақстан экономикасының орташа жылдық өсімі 5,6 пайыз болды. Бұл көрсеткіш елді Қытай, Үндістан, Вьетнам және Бангладешпен бірге әлемдегі ең қарқынды дамып жатқан ТОП-5 елдің қатарына қосты.

ЖІӨ көлемі бойынша көшбасшы орнын 30,6 трлн доллар көрсеткішімен АҚШ сақтап отыр.