Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Ақтөбе мен Ақмола облыстарында шамамен 80 адамды эвакуациялады.
Ақтөбе облысында қар құрсауында қалған 33 адам, оның ішінде 7 бала құтқарылды.Ал Ақмола облысында жол қозғалысына қойылған шектеулерге байланысты автобустан 46 адам эвакуацияланды, олардың арасында бір бала бар. Эвакуацияланғандардың барлығы Ресей Федерациясының азаматтары. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болған жоқ.
ТЖМ тұрғындарды дауылды ескертулерді назарға алуға және ауа райы қолайсыз кезде елді мекендерден тыс сапарларға шықпауға үндейді.