$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Шахтадағы жарылыс: 1 адам зардап шекті

06.01.2026ж. 19:00
Шахтадағы жарылыс: 1 адам зардап шекті

Қостанай облысында шахтада жарылыс болып, жұмысшы зардап шекті. 55 жастағы азамат  жедел  Рудный көпсалалы ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілген. Айта кетейік, апат Рудный қаласындағы «Соколовская» шахтасында болған.   Жарылғыш заттарды пайдалану кезінде жіті қадағалаудың  болмауы жарылысқа әкеп соққан. Бұл  оқиға қатысты тергеу басталып, «Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу» бабымен  қылмыстық іс қозғалды.

АНАР АХМЕТОВА, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК БАСҚАРМАСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Зардап шеккен қызметкер шахта қызметкерлерінің жедел әрекетімен шығарылып, медициналық мекемеге жеткізілді, онда оған қажетті көмек көрсетілуде. «ССКӨБ» АҚ ақпараттары бойынша, бұл оқиға шахтаның жұмысын тоқтатпаған, жұмыстар қалыпты режимде жалғасуда.Апатты тергеу мақсатында комиссия құрылатын болады. Оқиғаның себептері анықталуда.