Атырауда Индер ауданындағы көпбейінді ауыл шаруашылығы колледжінің І-курс студентін қатарласы аяусыз соққыға жыққан. Төбелес сабақ мезгілінде колледж дәретханасында болған. Жасөспірімдер алдымен сөзге келіп, кейін балағат сөзді көтере алмай кеудесі мен бетінен ұрған. Оқу орны полицияға дер кезінде хабарламапты. Қазір оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Құқық бұзған жасөспірімдер ішкі істер органдарының есебіне алынған. Ал оқу орнындағы жағдайға байланысты білім басқармасы түсінік берген жоқ. Айта кетейік, аймақта былтырғы оқу жылында да оқушылар мен студенттер арасында бірнеше рет төбелес болған.
ДИНА МАҚСОТОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПД АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
Жасөспірімдер арасында келіспеушілік салдарынан орын алған құқық бұзушылық дерегі бойынша “Көрнеу кәмелетке толмаған адамға қатысты денсаулыққа қасақана жеңіл зиян тигізу” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаға қатысты барлық жасөспірім полиция бөліміне жеткізілді. Сона-йақ құқық бұзған жасөспірімдер ішкі істер органдарының есебіне алынып, оларға қатысты іс-құжаттар кәмелетке толмағанар ісі жөніндегі комиссияның қарауына жіберіледі.