$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жарнамасы «жер жарған» шайдың құрамынан зиянды қоспа анықталды

Жарнамасы «жер жарған» шайдың құрамынан зиянды қоспа анықталды

Жарнамасы «жер жарған» бірнеше шайдың құрамынан зиянды қоспа анықталды. Қара тізімге еліміздегі танымал блогерлер мен әрістер жарнамалаған «Апамның шайынан» өзге алтауы енгізілген. Оны сатуға толықтай тыйым салды. Мамандар шай  құрамында адам ағзасына өте қауіпті бояғыштар табылғанын айтады. Олар қою күрең түс бергенімен астма ауруын қоздырып, адамның тынысын тартылтады дейді.   Тіпті қораптағы өндірушілердің мекен-жайы да жалған болып шыққан.  

ДАНА ҚАСҚАТАЕВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ:

Ірі сауда орындарынан, аула сауда орындарынан бұл өнімдер алынып жатыр. Әрбір өңірден анықталған шайлар атаулары бірдей, өндірушілері бірдей, бәрінің құрамына зат таңбасына жазылмағандықтан бәрі біркелік жүйелі болғандықтан бұл қауіп төндіруі мүмкін мақсатында алдын-алу шаралары ретінде өйстіп осындай қаулы қабылданып отыр.

Шай ішіп көңілі жайланатын жандар үшін бұл ақпарат төбеден жай түскендей болды. Дегенмен мұндай өнімдердің еркін айналымға түсуі бақылаудың жоқтығынан дейді.  

БЛИЦ:

- Ақша деп небір химияларды қосады. Бояуларды қосады. Мысалы мұдай суға салсаң да олардың бояуы шығып тұрады көбісінің кәзір. Сол сияқты барлығын, нелерді азайту керек. Тексеру керек барлығын. Бақылауға алып барып шығару керек.

- Бәріміз ішеміз ғой, қазақпыз ғой, шай ішеміз. Покрасильтердер көп дейді ғо ішінде қоспа. Бояғыш заттары көп деді. Біліп тұрып ішеміз енді.

- «Апамның шайы» дегенді ішеміз ғой. Бірақ оларда зиянды қоспалар бар екенін білмейді екенмін. Алып тастау керек деп есептеймін.