Зейнетақы қорынан заңсыз 200 млрд теңге шығарған 42 стоматологиялық клиника тергеліп жатыр. Қаржылық мониторинг агенттігінің ақпаратынша, олар формальды келісімшарттар мен жалған медициналық құжаттар арқылы ақша шешкен. Күдіктілер азаматтардан алынған қаражаттан 20 пайызға дейін сыйақы иемденген. Қылмыстық табысқа элиталық мүлік сатып алынып, жаңа клиникалар ашылған.
ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Он бір күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды, ал үшеуіне қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.Сонымен қатар, жүйелі түрде заңсыз сыйақы алу үшін медициналық мекемелердің дәрігерлері дәрігерлік-консультациялық комиссиялардың жалған қорытындыларын берген, күдіктілерден алынған қаражаттың жалпы сомасы 30 млн теңгені құрады. Аталған фактілер бойынша бірқатар сотқа дейінгі тергеп тексерулер басталды.