«Арзан вакцина балалардың ауруына себеп болады» әлеуметтік желілерде осындай ақпарат тарады. Бұл ата-аналар арасында алаңдаушылықты күшейтті.
БЛИЦ:
— Салғызбау керек, біз ол привывканың ішінде не бар екенін білмейміз ғой.
— Салғызған дұрыс қой. Бала ауырмаған, температурасы болмаған кезде салған дұрыс.
— Желательно салдырмаған жөн. Қазір Қытайдың ауруы көп, вакцинамен бірге келеді деп қорқамыз.
— Қызылордада құрбым укол алған, баласы кейін ауырып қалды. Содан бері өзім салдырмаймын.
Жұрт арасында дүрбелең туғызған ақпаратқа қатысты денсаулық сақтау министрлігі ресми жауап берді. Қазақстанда қолданылатын барлық вакциналар халықаралық және ұлттық көпсатылы тексеруден өтеді және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының талаптарына толық сай келеді. Яғни екпе жұқпалы аурулардың таралуын тежеп, халықтың, әсіресе балалардың денсаулығын қорғауға мүмкіндік береді. Сондықтан ата-аналарға тек ресми дереккөздерге сеніп, дәрігер кеңесіне жүгінуді ұсынады.
ГҮЛНҰР ӘБІШЕВА, ПЕДИАТРИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:
Вакцинаны салғанда ауру тудыру үшін емес, аурудың алдын алу үшін және сол ауруға қарсы иммунитетті қалыптастыру үшін саламыз. Вакцинаның кері әсерлері жоқ, бірақ вакцина алғаннан кейін кішкене температура болуы мүмкін. Привывканың орны қызаруы мүмкін. Жанама әсері болды ма, аллергиялық әсері болды ма деген сияқты. Екпе қабылдағаннан кейін 30 минут екпе кабинетінің алдында қаралады.