Елімізде несие беру талаптары қатаңдады. Енді қарыз алушының борыш жүктемесіне қойылатын шек екі есе қысқарып, ай сайынғы төлем мөлшері табыстың ширегінен, яғни 25 пайызынан аспауы тиіс. Бұл реформаның басқа да маңызды тұстарын елордалық әріптесім Үсен Астана тарқатып айтады.
Талап қатаңдаса, бір несиені екнішісімен жауып жүрген жұрт қинала ма, әлде кіріс жинала ма? Ағайын несие алу тәртібі өзгергенін білсе де, қалай? қайда? кімге әсер ететінінен бейхабар. Сондықтан жаңа енген несие тәртібін түгендеп шығайық.
Банктен қарызға қаражат алғысы келетіндер енді жанама табысын миллиондап жазып, қалтасына қыруар қызыл ақшаны бас алмайды. Тіпті сарапшылар осы себепті банкке қарыз болатындар көп дейді.
БАУЫРЖАН ЫСҚАҚ, ЭКОНОМИСТ:
Мысалыға менің жалақым 500 мың тг болатын болса, банкке несие төлемім 150 мың болса, банкттер 350 мың қалтасында қалды деп есептей береді. Ал ол жерде адам 5-6 жерден рассрочка алатын болса, 350 мың тг соны жабуға кетеді. Солай қарызды 1 емес 30-90 күндеп кешіктіру осындай қаржылық сауатсыздық пен заңды айналып өтуден болып жатыр.
Жаңа шектеу тек нақты сандарға негізделген. Бұдан былай зейнетақы қорындағы соңғы салымдарыңыз ғана несие алуға әсер ете алады. Қараша тағы бір ережені есте сақтау керек. Жаңа талаптар бойынша, борыш жүктемесінің коэффициенті қатаң тексеріледі. Егер сіздің ай сайынғы несие төлеміңіз ресми табысыңыздың 50%-ынан асып кетсе, банк сізге жаңа несие беруден бас тартады. Мәселен, сіздің жалақыңыз 200 мың теңге болса, ай сайын төлейтін несиеңіз 90 мың, онан бөлек, бөліп төлеу әдісімен алған затыңыз үшін тағы 20 мың теңге қосылды дейік, сонда бәрін қосқанда сіздің айлығыңыздың жартысынан астамы кредитке кетеді. Демек, сізге банк несие бермейді!
ҒАДІЛБЕК ӘКІМ, ҚР ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:
Және де кімдер бұл тыйым салынады.Кредит бойынша 30 күн кешіккен адамдар, ал микрокредит бойынша 1 күн кешіккен адам, бұның бәрі халықаралық стандартқа сай жасалып отыр. Сонымен қатар тағы бір категория бұл қатарға кіретін соңғы 36 айдың ішінде яғни 3 жылдың ішінде 25-ші жылдың 1-ші шілдесінен бастап 2 рет кредитін төлей алмағандар үшін, сонымен қатар соңғы 12 айдың ішінде өзінің қарызын қайта құрылымдаған азаматтар қарыз алушылар кіреді.
Ал сарапшылар енді қарыз беретін кішігірім ұйымдар көбейіп, бір біріне несие алып беру көбейеді дейді.
ДІНМҰХАММЕД ҒАЛИ, ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ:
Ломбардтардың саны көбейеді, халық сол ломбардтарға бара бастайды, содан кейін әртүрлі осыған байланысты бейресми ұйымдар пайда болады, қарызға беретін бейресми ұйымдар пайда болады ауылдық жерлерде де қалалық жерлерде де. Күнделікті бір нәселерді алу үшін туықандарға жүгіне бастайды.
Ал басында бірнеше несиесі болса да, халық жаңа ережені құп көріп отыр.
БЛИЦ:
- Ол дұрыс қолдаймын бірақ, мен ләжі болса халықты кредитке жолатпаудың әрекетін жасайтын едім.
- Әркімнің өзінің щамасына қарай беру керек та, банктер микрозайм болсын
- Ол негізі дұрыс нәрсе,қысып тастау керек оның бәрін халық жұмыс істеу керек қой, ол еңбекпен тапқан ең керемет нәрсе.
ҮСЕН АСТАНА, ТІЛШІ:
Егер осы жылы ипотека немесе автонесие алуды жоспарлап жүрсеңіз, қарыз жүктемесін азайтып, несие тарихын реттеу қажет. Сондай-ақ, жаңа қаржылық талаптарға сай болу үшін жұмыс берушімен табысты ресмилендіріп, зейнетақы аударымдарының тұрақтылығын қамтамасыз ету маңызды.