$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қызылордалық ата-аналар балабақша уақытының қысқарғанына қарсы

Қызылордалық ата-аналар балабақша уақытының қысқарғанына қарсы

Қызылордалық ата-аналар бірнеше айдан бері сергелдеңге түсуде. Айтуларынша, бұған дейін балаларын балабақшаға таңғы 8:00-ден кешкі 18:00-ге дейін  қалдырып жүрген. Енді ол 1 сағатқа қысқарып, тәрбиешілер ерте алып кетуін талап етуде дейді. Жұмыс ортасында тығырыққа тірелген ата-аналар не істерін білмей дал.

Фарида Смайлованың немересі 4 жаста. Айтуынша, ол кішкентай кезінен мемлекеттік балабақшада тәрбиеленіп келеді. Соңғы уақытта бөбекжай әкімшілігі баласын әдеттегіден 1 сағат ерте алу керектіген ескерткен. Алайда, жұмыстағы ата-ана үшін ол қиындық тудыруда.

ФАРИДА СМАИЛОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Жұмысты тастап кете алмайды. Мен енді ата-аналардың атынан айтып тұрмын ғой енді. Қызмет жасайтын ата-аналарға жағдай жасалса. Солардың балаларын кезекші топта кішкене жұмыс жасап, алып қалып, уақытында сосын біз алуға тырысайық.

Бұл мәселе әлеуметтік желіде де қызу талқылануда. Мейрамгүл Дауылбай есімді қала тұрғыны балабақша уақыты жыл сайын қысқарып жатқанын айтқан. Өзгелер де бұл өзгеріске қарсы пікір жазуда. Ал қалалық білім бөлімінің жауабы мынадай:

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ:

Балабақшалардың жұмыс уақыты қолданыстағы нормативтік –құқықтық актілер мен қаржыландыру көлемі тәулігіне 9 сағаттық болып реттелген. Осыған байланысты балабақшалардң жұмыс уақыты таңғы 8:00-ден кешкі 17:00-ге дейін болып белгіленген.

Білім басқармасынан  қосымша  ақпарат алу мүмкін болмады. Ал ата-аналар әлі де болса базынасы құзырлылардың құлағына жетер деген үмітпен отыр.