$541.34 €640.73 ₽6.53
×

2026 жыл - Цифрландыру және жасанды интеллект жылы

AstanaTV
06.01.2026ж. 19:00
2026 жыл - Цифрландыру және жасанды интеллект жылы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес, Үкімет осы жылды өткізуге арналған нақты шараларды қабылдайды, ал орындалуын Президент Әкімшілігі бақылайды. Бұған дейін Президент бұл шешімді жаңа жылдық құттықтауында мәлімдеп, цифрландыру мен жасанды интеллект елдің барлық саласының әлеуетін арттыратынын атап өткен болатын. Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.