$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Шикізатқа тәуелді болмай, транзиттік мүмкіндіктерді дамыту арқылы экономиканы әртараптандыру маңызды

Шикізатқа тәуелді болмай, транзиттік мүмкіндіктерді дамыту арқылы экономиканы әртараптандыру маңызды

Қазақстан Еуразия құрлығындағы жетекші транзиттік хабқа айналуы тиіс. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан газетіне берген сұхбатында айтты. Еуропа мен Азия дүние бөліктері арасында құрлық арқылы тауар тасымалының 85 пайызы болашақта Қазақстан арқылы өтеді. Еуропалық Одақ, Қытай, Ресей және Оңтүстік Азия мен Таяу Шығысты байланыстыру – басты міндет. Қазірдің өзінде, елімізде 12 халықаралық көлік дәлізі, оның ішінде 5 теміржол, 7 автокөлік бағыты бар.  Президент атап өткендей 2030 жылға дейін 5 мың шақырым теміржол салынып, жаңғыртылады.  11 мың шақырым жөнделеді деп жоспарлануда. Сарапшылардың пікірінше, бұл экономиканы әртараптандыру арқылы, тұрақты дамудың кепілі болады.

ГҮЛІМ СМАН, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКАНЫ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АҒА САРАПШЫСЫ:

Қазақстанның Еуразия төңірегіндегі негізгі транзиттік хабқа айналуы – мемлекеттік экономиканы әртараптандыруды жетілдіруге, өңдеу өнеркәсібінің ары қарай дамуына, сондай-ақ, логистикалық қызметтердің ары қарай артуына себепші бола алады деген сенімдемін. Себебі, еліміздің ЖІӨ құрамында ең маңызды бір бөлігі – осы логистика қызметтерінің өсуі болып табылады. Транзиттік инфрақұрылымның дамуы – экспорттық нарықтардың ары қарай жаңа жол бағыттарының ашуына ынталандыра түседі.