$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Енді сотталғандар заманауи терминал арқылы туыстарымен видео арқылы сөйлесе алады

06.01.2026ж. 21:27
Енді сотталғандар заманауи терминал арқылы туыстарымен видео арқылы  сөйлесе алады

Елімізде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері сотталғандарға арналған заманауи терминалдармен жабдықталады. 

ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің айтуынша, түзеу мекемелеріндегі электрондық терминалдар дұрыс жұмыс істемейтіні анықталған. Ол бойынша Бас прокуратураға тиісті ұсынымдар берілген.  

«Бас прокуратура терминалдардың физикалық және моральдық тұрғыдан тозғанын ескеріп, олардың жұмыс істеуінде мәселелер бар екенін растады. Жоғары қадағалау органы ұсынған ақпаратқа сәйкес, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін кеңейтілген функционалы бар заманауи терминалдармен қайта жарақтандыру бойынша пилоттық жоба іске асып жатыр», - делінген хабарламада.

Жаңа терминалдың көмегімен сотталғандар FaceID арқылы мемлекеттік органдарға өтініш, арыз-шағым жолдап, бейнеқоңырау арқылы туыстарымен байланыс орната алады.

Қазір заманауи терминал Атбасар қаласындағы №1 мекемеде сынақтан өтіп жатыр.