«Қазгидромет» мәліметінше, бүгін Астанада қар жауып, бұрқасын соғады. Сондай-ақ күндіз көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел жылдамдығы 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с дейін жетуі мүмкін.
Құтқарушылар қатты жел кезінде жарақат алмау үшін қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды:
-Ғимараттан шығуға асықпаңыз (мүмкіндігінше үй-жайларда болыңыз);
-балаларды ерекше бақылауға алыңыз және оларды қараусыз қалдырмаңыз;
-Егер қатты жел кезінде сыртта болсаңыз, жақын маңдағы кіреберіске немесе дүкенге кіріңіз;
-үйдің қабырғасына қатты желден жасырынбаңыз, өйткені шатырдан материалдар түсіп кетуі мүмкін;
-қатты жел кезінде электр желісінің асты, үзілген электр сымдарына жақындау өте қауіпті;
-көлікті ағаштан қауіпсіз қашықтықта қою ұсынылады.
Төтенше жағдай кезінде 101 және 112 нөміріне хабарласу керек.