$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысынан Астанаға қосымша пойыздар жолға шықты

06.01.2026ж. 23:45
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысынан Астанаға қосымша пойыздар жолға шықты

ҚТЖ тас жолдардың жабылуына байланысты жолаушыларды тасымалдау үшін электр пойыздарды іске қосқанын хабарлады.

– Қолайсыз ауа райы салдарынан тас жолдарда уақытша қозғалыс шектеулері енгізілуіне байланысты ҚТЖ өңірлер арасындағы көлік қатынасының қолжетімділігін қамтамасыз ету және жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру мақсатында қала маңындағы пойыздарды тағайындады, - делінген хабарламада.