$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Атырауда жоғалған отбасы: екі адамның мәйіті табылды

AstanaTV
06.01.2026ж. 19:00
Атырауда жоғалған отбасы: екі адамның мәйіті табылды

Атырау облысында жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен отбасы туралы қайғылы хабар жетті.  Жангелдин ауылының тұрғыны   Мақсот Қарабалин мен Нәсіп Өтешқалиеваның  мәйіті өз үйінің сарайынан табылған.    Дүйім елді дүр сілкіндірген оқиғаға қатысты ақпаратты полиция департаментінің баспасөз қызметі  хабарлады. Олардың 33, 36 жастағы ұлы мен қызы туралы әзірге мәлімет жоқ. Адам өлтіру белгігілерімен қылмыстық іс қозғалды.  Күдіктілердің жеке басы анықталды,  іздестіру шарасы жүргізілуде ,- деп хабарлады полиция департаментіндегілер.  Айта кетейік,  отбасы қараша айының басынан бастап із-түссіз кеткен.