Жаңасемей ауданында, Чаган кентінен Балықтыкөл көлі бағытында 20 км қашықтықта жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып, істен шыққан. Көлік ішінде болған үш адам құтқарушылардан көмек сұрады.
Құтқарушылар өтімділігі жоғары техникамен шамамен 100 км жол жүріп, кейін бірнеше шақырымды қар үстімен снегоходпен өтіп, оқиға орнына жетті. Нәтижесінде 3 адам Семей қаласына жеткізілді.
Құтқарылған азаматтарға медициналық көмек қажет болмады.