$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«Қайрат» сапынан биылға екінші ойыншы кетті

07.01.2026ж. 13:40
«Қайрат» сапынан биылға екінші ойыншы кетті
Фото: "Қайрат" футбол клубы

Офри Арад «Қайраттан» кетті. Бұл туралы «Қайрат» футбол клубы мәлімдеді.

«27 жастағы израильдік жартылай қорғаушы алматылық клубтағы өнерін келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты аяқтады. Офри «Қайратқа» 2023 жылы қосылып, бастапқыда орталық қорғаушы ретінде ойнады. Келесі маусымда ол тіреуіш жартылай қорғаушы позициясына сәтті ауысып, қысқа уақыт ішінде команданың маңызды ойыншыларының біріне айналды. Арад клубқа 2024 және 2025 жылдары Қазақстан чемпионы атануға, 2025 жылғы Қазақстан Суперкубогын жеңіп алуға, сондай-ақ Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шығуға көмектесті. «Қайрат» сапындағы соңғы матчында ол «Джузеппе Меацца» стадионында «Интердің» қақпасына гол соқты (1:2). Алматылық клуб құрамында үш маусым ішінде Офри Арад 92 матч өткізіп, 3 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді. «Қайрат» ФК Офриге жоғары кәсібилігі, жанқиярлығы, команданың жетістіктеріне қосқан зор үлесі үшін алғыс айтып, алдағы мансабында сәттілік пен жаңа табыс тілейді!», - делінген жазбада.

Еске сала кетейік, 6 қаңтарда 32 жастағы бразилиялық шабуылшы Элдер Сантана келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты алматылық клуб сапынан кеткен болатын.