$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ауа райына байланысты 150 рейс тоқтатылды

08.01.2026ж. 07:34
Ауа райына байланысты 150 рейс тоқтатылды
Фото: Reuters

Париждегі Шарль де Голль әуежайында қар жаууына байланысты шамамен 100 рейс, ал Орли әуежайында 40-қа жуық рейс тоқтатылды. Бұл туралы Францияның көлік министрі Филипп Табаро мәлімдеді.

Оның айтуынша, Парижде қолайсыз ауа райы сақталуына байланысты рейстердің тоқтатылуы бір күн бұрын-ақ күтілген. Ұшу-қону жолақтарын қардан тазалау және ұшақтарды мұздан арылту жұмыстарына байланысты бұл шаралар Шарль де Голль әуежайында таңғы 9:00-ден 14:00-ге дейін жоспарланған рейстердің шамамен 40 пайызына, ал Орли әуежайында таңғы 6:00-ден 13:00-ге дейінгі рейстердің 25 пайызына әсер еткен.

Қар мен көктайғақ Францияның солтүстік-батысындағы кең аумақта автокөлік, әуе және теміржол қатынасының, сондай-ақ қоғамдық көліктің жұмысына кедергі келтірді. Елдің 38 департаментінде қауіптің "қызғылт сары" деңгейі жарияланған.

Бүкіл Франция бойынша жол кептелістерінің жалпы ұзындығы 1 600 шақырымнан асты, оның ішінде Иль-де-Франс өңірінде шамамен 950 шақырымды құрайды.