$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алматыда жол апатынан үндістандық студенттер қаза тапты

08.01.2026ж. 10:46
Алматыда жол апатынан үндістандық студенттер қаза тапты
Фото: ашық дереккөз

Алматы маңында болған жол-көлік апатынан Үндістанның азаматтары зардап шекті.

Үндістанның Астанадағы елшілігінің хабарлауынша, олардың ішінде Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан медицина университетінің төрт студенті және Үндістаннан келген бір турист болған.

Олар Шымкенттен Алматыға қарай жол жүріп бара жатқан жатқан. Екі адам оқиға орнында қаза тапты, ал үшеуі ауыр жарақат алып, жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр.

– Үндістанның Астанадағы елшілігі бұл қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері Раджастхан штатының тұрғындары Каран Пармар мен Риширадж Барайттың отбасыларына көңіл айтады. Сондай-ақ жарақат алған Раджастхан штатының тұрғындары Манжит Сингх Соланки мен Рахул Ядав және Гуджарат штатының тұрғыны, турист Бриджешкумар Бхараткумар Бхатиге тезірек сауығып кетуін тілейміз, - делінген хабарламада.

Елшілік марқұмдар мен зардап шеккендердің отбасыларымен тұрақты байланыста және Қазақстанның жергілікті билік өкілдерімен үйлестіру жұмыстарын жүргізіп, барлық мүмкін консулдық көмекті көрсетіп жатқанын мәлімдеді.