Қайғылы хабарды марқұмның қызы хабарлады.
– 11.10.1972 - 08.01.2026. Шексіз жақсы көремін, - деп жазған ол әлеуметтік желіде парақшасында әкесінің суретін жариялап.
Мұрат Бисембин Қызылордада туған. Қызылорда мемлекеттік университетінің түлегі. Ол «Рэкетир» және «Ағайынды» фильмдеріндегі рөлі арқылы көпшілікке танылды.