$541.34 €640.73 ₽6.53
×

ТЖМ құтқарушылары жоғалған адамды тапты

08.01.2026ж. 14:07
ТЖМ құтқарушылары жоғалған адамды тапты
фото: ТЖМ

Бүгін Атырау облысының 112 пультіне 1970 жылы туған малшының 7 қаңтар күні мал жаюға шығып, бір тәулік бойы оралмағаны туралы хабарлама түсті.

Хабарлама алынғаннан кейін құтқарушылар жедел түрде іздестіру-құтқару жұмыстарын ұйымдастырды. Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде жоғалған ер адам Индербор кентінен 35 км қашықтықта орналасқан «Ақшадыра» қыстауынан табылды. Оның денсаулық жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмекке мұқтаж болмады.

 Құтқарушылар қолайсыз ауа райында алысқа шыққанда сақ болуға және байланыс құралдарын өзімен бірге алып жүруге шақырады.