$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Air Astana ұшағы апатты жағдайда Бейжіңге қонды

08.01.2026ж. 14:42
Air Astana ұшағы апатты жағдайда Бейжіңге қонды
Фото: © Depositphotos/EvrenKalinbacak

Әуе компанияның KC210 рейсі Сеул – Астана бағыты бойынша ұшып бара жатқан. Жолда кенет дәретханалардың бәрі істен шығып, ұшақ Бейжің әуежайына қонған. Әуе компаниясы ақауды ретке келтіру үшін қосалқы бөлшектің жеткізілуін күтіп отыр. Ал рейстің уақыты сағат 01:00-ге ауысты.

Қытайға визасыз кіре алатын жолаушыларға қалаға шығып, қонақүйге орналасуға рұқсат сұралды. Ал визасы жоқ жолаушылар транзиттік аймақта қалып, оларға тамақ пен көрпелер беріледі.