Алматыда №15 өрт сөндіру бөлімінің салтанатты ашылуы өтті. Бұл мегаполистің өрт қауіпсіздігі жүйесіндегі жаңа тірек пунктіне айналған заманауи нысан.
Жаңа бөлімшенің ерекшелігі — құрылыс жұмыстарының қысқа мерзімде аяқталуы: өрт сөндіру бөлімі жылдам тұрғызылатын модульдік конструкциялардан салынып, небәрі 90 күнде толықтай бой көтерді. Мұндай тәсіл қаладағы халқы тығыз орналасқан аудандардың қауіпсіздігін қысқа мерзімде күшейтуге мүмкіндік берді.
ТЖМ басшысы өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға арнаған сөзінде материалдық-техникалық базаны дамыту және қызмет етуге лайықты жағдайлар жасау тек бөлімшелердің жауынгерлік дайындығына ғана емес, қаланың әрбір тұрғынының қауіпсіздігіне салынған инвестиция екенін де атап өтті.
«Заманауи инфрақұрылым — бұл әрекет ету жылдамдығы, жеке құрамның сенімділігі және құтқарылған адам өмірі», — деп министр атап өтті.
Жаңа бөлім толыққанды автономды кешен болып табылады. Мұнда кезекші ауысымға арналған әкімшілік-тұрмыстық блок, сондай-ақ Batyr team кәсіби спорт залы, воркаут аймағы және жеке құрамның демалуына арналған үй-жайлар бар. Нысан жеке жылу пунктімен, инженерлік желілермен, қауіпсіздік және бейнебақылау жүйелерімен, сондай-ақ заманауи өрт сөндіру-құтқару техникасымен жарақталған.
№15 өрт сөндіру бөлімінің ашылуы жаңа ғимаратты пайдалануға берумен ғана шектелмей, Алматы қаласының құтқару қызметтері инфрақұрылымының жаңа стандартын қалыптастыруға айналды.