$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«Ұлттық қор – балаларға»: ақша қашан түседі?

08.01.2026ж. 23:41
«Ұлттық қор – балаларға»: ақша қашан түседі?
фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 2008 жылы туған, яғни, биыл 18 жасқа толатын балалардың шотына тиісті қаражат 2026 жылдың 1 ақпанына дейін түседі,-деп хабарлады  Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының баспасөз қызметі.

Жалпы, дереккөзге сүйенсек, әрбір баланың шотына да тиісті ақша 1 ақпанға дейін түсуі керек.

«2008 жылы туған балалардың шотына тиісті қаражат 2026 жылдың 1 ақпанына дейін түседі. Олар 18 жасқа толғаннан кейін шоттағы қаражатын заң аясында пайдалана алады», - деп хабарлайды БЖЗҚ.

2025 жылғы Ұлттық қордың табысы Қазақстандағы жасы 18-ге томаған балалардың жеке шотына тең бөлінеді.