$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Солтүстік Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам көз жұмды

AstanaTV
08.01.2026ж. 19:00
Солтүстік Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам көз жұмды

Солтүстік Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апаты болды. Астана-Петропавл тас жолында жеңіл көлік фурамен соқтығысып, 4 адам көз жұмды. Полицейлердің алдын ала мәліметі бойынша, тайота камри көлігі қарама қарсы келе жатқан шахман көлігінің алдын кесіп, бетпе-бет соғылған. Апаттың салдарынан темір тұлпардың 24 жасар жүргізушісі және үш жолаушы оқиға орнында көз жұмды.  Жолаушылардың екеуі жасөспірімдер. Ал Беларуссиядан келе жатқан жүк көлігінің жүргізушісі аман қалған. Қазір құзырлы органдар қылмыстық іс қозғап, оқиғаны егжей-тегжейлі тексеріп жатыр.