Алматы облысында үндістандық студенттер жол апатынан қаза тапты. Алматы-Бішкек тас жолында Toyota Alphard автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, жол жиегіне шығып кетіп, аударылған. Салдарынан жүргізуші және екі үндістандық студент ауруханада көз жұмды. Тағы үш адам жарақаттанған, қазір ауруханада жатыр. Полиция басқармасы апат бойынша жедел тергеу әрекеттерін бастады.
МҰРАТ ҚАЛИАСҚАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Құрметті жүргізушілер, Жол қозғалыс ережелерін сақтап, жолда барынша сақ, әрі абай болуларыңызды сұраймын.