Шымкентке әскери борышын өтеуге барған азамат бір ай болмай жатып үйіне табытпен оралды. Қайтыс болған жас сарбаздың денесі Жамбыл облысына жеткізіліп, жақындары кеше жер қойнына табыстады. Ұлттық ұлан сапына сау болып барған сарбаз - Данияр Амалбековты туыстары ауырып өлді дегенге сенбейді. Жалғыз ұлынан айырылып, қайғыдан қан жұтқан отбасы баланың мезгілсіз өліміне ақхалаттылар мен әскерилерді кінәлап отыр. Өткен жылы 9 желтоқсанда әскерге кеткен бала екі күн өтпестен ауруханаға түскен. Ал оны туыстары айдың соңында бірақ білген.
ГАУҺАР СӘРСЕНБАЕВА, МАРҚҰМНЫҢ АНАСЫ:
27 күні ма қай күні онымен сөйлескен кезде көзі кіртиіп, жаман арықтап кеткен. Ол мүмкін емес за такое время чтоб резко похудел Қасында біреу отырды ма білмеймін, әйтеуір жақсымын деп айт, бүйтіп айт деп, көрген жоқпын бірақ естідім. Сөйтіп айт сөйтіп айт. Ол бала үндей алмай, бәрі жақсы мама, уайымдамыңыз деп неғылды.
АИДА БАЙМАХАНОВА, МАРҚҰМНЫҢ ӘПКЕСІ:
Городской больницаға барамыз баланың түрін көріп шошып кеттім. Іші дәу ананың ішіне кателатор ма бірдеңе тастағып тастаған. Калидорда жаттыр. Бала мені көрің аң таң болды. Военныйлар мені көрді де шок болды. Мен мамаң келді деп шақыртып келгенше. Палатаға кіргізіп қойған. Военныйлар бәрі жақсы деп жанында жүгіріп жүрді.
Марқұмның туыстары ұлдарының ісік ауруымен қайтыс болғанына сенбейді. Оны дәлелдейтін ешқандай құжат көрсетпеді деп отыр.
ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
Әскери қызметші әскерге келген алғашқы күндерінен бастап бірнеше рет медициналық қызметкерлерге жүгінген. Есепте тұрған және Шымкент қаласының медициналық мекемелерінде тексеруден өткен. 2026 жылғы 6 қаңтарда мерзімді қызметтегі әскери қызметшінің жүрегі кенеттен тоқтады. Жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан, ол қалалық ауруханада көз жұмды.