$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Түркістан облысында тюбингке мінгескен бірнеше адам жыраға түсіп кетті

Түркістан облысында тюбингке мінгескен бірнеше адам жыраға түсіп кетті

Сырғанаймыз деп жыраға түсіп кетті. Түркістан облысының Төлеби ауданында тюбингке мінгескен бірнеше адамның шұңқырға құлаған видеосы әлеуметтік желіде тарады. Автор бұл жағдайдың «Тау самалы» демалыс аймағында болғанын айтады.  Алайда аудандық әкімдік өкілдері   оқиға Алатау ауылы тұсында болғанын мәлімдеді. 

ТӨЛЕБИ АУДАНДЫҚ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Көрсетілген аумақта ашық құдықтар немесе қандай да бір инженерлік құрылыстар жоқ. Бейнематериалда түсірілген жер бедері табиғи жыралық рельеф болып саналады. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Медициналық көмекке жүгіну жағдайлары тіркелмеген, жедел жәрдем бригадасы шақырылмаған, оны тарту қажеттілігі туындаған жоқ.

Айта кетейік, таулы ауданда осы секілді арнайы емес сырғанайтын орын көп. Енді  қар үстінде белгіленбеген және арнайы жабдықталмаған орындарда сырғанауға тыйым салынбақ.