$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қызы әкесінің немересіне мұра етіп қалдырған үйін тартып алмақ болған

08.01.2026ж. 19:00
Қызы әкесінің немересіне мұра етіп қалдырған үйін тартып алмақ болған

Алматылық әйел әкесінің немересіне мұра етіп қалдырған үйін тартып алмақ болған. Ол әкесі тірі кезінде ішімдікке салынған әрі наркологиялық диспансерде есепте тұрғанын негізге алып, мұра қалдыру кезінде өсиетке жіті мән бермей, өз әрекетін басқара алмады деп сотқа жүгінген. Психологиялық сараптамаға сәйкес, мирасқор анықтау сәтінде мұра қалдырушының психикалық ауытқулары белгілі болды. Дегенмен, бірінші және апелляциялық сатыдағы сот бұл қорытындыны назарға алмады. Істі қарау барысында сот психикалық денсаулық саласындағы медициналық-әлеуметтік көмек көрсету стандарттарының бұзылғанын анықтады. Себебі, мұра қалдырушы психиатр мен наркологтың есебінде тұрмаған әрі маскүнемдік бойынша ем қабылдамаған болып шықты. Марқұм пәтерін немересіне саналы түрде тапсырған. Нәтижесінде өсиет заңды деп танылды.