$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қостанайда жұмысшы бір тонна ұнның астында қалған

08.01.2026ж. 19:00
Қостанайда жұмысшы бір тонна ұнның астында қалған

Қостанайдағы кәсіпорынның бірінде жұмысшы 1 тонна ұнның астында қалып, ауыр жарақат алған. Зардап шеккен азамат сотқа жүгінді. Жүк тиеп жүрген жұмысшының үстіне тоннаға жуық ұн құлаған. Соның салдарынан денсаулығы нашарлады. Сот-медициналық сараптамасы жұмысшының  ауыр жарақат алғанын анықтаған.Ал жеке кәсіпкер еңбек қауіпсіздігін ескермеген. Оған қоса зардап шеккен азаматқа тиісті әлеуметтік төлем бермеген.Еңбек демалысына да шығармаған.Сот шешімімен жұмыс беруші тарап зардап шеккен адамға  2 миллион теңге көлемінде өтемақы мен сот шығындарын төлеуге міндеттелді.

ЛӘЗЗАТ БАЙҒОЖИНА, ОБЛЫСТЫҚ СОТ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Сот отырысы барысында талапкердің моральдық зиянды өтеу туралы талабы қанағаттандырылды.Себебі жұмыс берушінің еңбекті қорғау қауіпсіздігі қағидаларын бұзғаны анықталды.Осы негізде сот талапты ішінара қанағаттандырып,талапкердің пайдасына 2 млн теңге мөлшерінде моральдық өтемақы өндіру туралы шешім шығарды.Шешім заңды күшіне енген жоқ.