Алматыда ер адам мешітте намаз кезінде ұрлық жасады. Күдікті өзгелер құлшылық жасап жатқан сәтті оңтайлы пайдаланып, олардың ұялы телефондарын, әмияндары мен басқа да құнды заттарын қолды қылған. Тәртіп сақшылары ұрыны ұстап, сотқа дейінгі тергеу жүргізуді бастады. Оған Қылмыстық кодекстің 188 бабының 3-ші тармағы бойынша 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
92 жылы туған, Алматы облысының тумасы. Бұрын-соңды сотталмаған. Бірақ алдын ала мәліметіміз бойынша қаламыздағы бірнеше мешіттердегі ұрлықтарға қатысы бар. Өзі жұмыссыз, тұрғылықты жері жоқ Алматы қаласында. Тұрғылықты жұмысы да жоқ.