Диспансерлік есепте тұрған 370 мың адам тексерілді. Нәтижесінде оның 96 мыңында жүргізуші куәлігі бары анықталды. Денсаулық жағдайына байланысты көлік басқаруға тыйым салынған азаматтарды анықтау жұмыстарын денсаулық сақтау және Ішкі істер министрлігі бірлесе жүргізуде.
Алайда 54 мыңнан астам адам медициналық қарсы көрсетілімдерге қарамастан көлік жүргізіп келген. Осы заңбұзушылықтарға байланысты сот шешімімен 2000-ға жуық азамат жүргізуші куәлігінен айырылды. Мамандардың айтуынша, көлік басқаруға тыйым салу психиатриялық және наркологиялық есепте тұрған белгілі диагноздарға байланысты енгізіледі.
ӘСЕЛ ҚЫДЫРАЛИЕВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
2000-ға жуық тоқтатылғаннан кейін бұл тек бір реттік тексеру науқаны ма әлде тұрақты түрде жүргізіледі ма деген тұрғындарда сұрақ болуы мүмкін. Бұл автоматты түрде, тұрақты түрде жүргізіліп отыратын болады. Яғни жаңа айттым ғой бұл бұрын артқы, осы уақытқа дейін алған жүргізуші куәліктерін тексерсе енді қазіргіде дәл қазіргі уақыт бойынша күнделікті актуалды түрде жаңағы ақпараттық жүйеде интеграция болғаннан кейін ол автоматты түрде шығып тұрады. Сондықтан бұл процес әлі де жалғасын табатын болады, тұрақты түрде.