$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Пәтерін жалға беретіндер «өзін-өзі жұмыспен қамтушы» ретінде тіркеу міндетті

Пәтерін жалға беретіндер «өзін-өзі жұмыспен қамтушы» ретінде тіркеу міндетті

Пәтерін жалға беретіндер тексеріледі. Бұрын кәсіпкер ретінде тіркелу шарт болатын. Салықтан жалтару үшін көпшілік бұл талапты орындамай жүр. Сондықтан жаңа ереже жарияланды. Енді үй иесі «өзін-өзі жұмыспен қамтушы» ретінде тіркеу міндетті. Оның талаптары қандай? Тілшіміз айтып береді.

Қала тұрғыны Жәнібек Әбілқасым соңғы 11 жыл бойы пәтер жалдап келеді. Оның айтуынша, осы уақытқа дейін бірде-бір үй иесі ресми келісімшарт жасап, салық төлеп көрмеген. Тіпті уақытша тіркеу мәселесі де назардан тыс қалып келген. Оның кесірі де тигенін жасырмады.

ЖӘНІБЕК ӘБІЛҚАСЫМ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Тексеріп келсе, інісімін, туысқанымын деп айта сал дейді. Екі рет тексеріп келді. айттық қой інісімін деп.

НАЗЕРКЕ АЛТЫНБЕК, ТІЛШІ:

Бұған дейін ешқандай пәтерге тіркеліп көрмедіңіз бе сонда?

- Тіркелдім, шығарып жіберді. Налог төлеймін деп. Оны біз білген жоқпыз, екі ортада Қазақстан бойынша прописткада болмадым. Кейді аяқ асты бағаны көтереді. Сол кезде дәлелдей аласың ба, қазір ештеңе дәлелдей алмайсың, қолыңда құжат болмаған соң.

Жалға беретіндер салықтан жалтару үшін кәсіпкерлікке тіркелмейді. Келісім шарт жасасуға мөрі болмайтын. Бұл мәселені шешу үшін жаңа тәртіп енгізілді. Яғни, енді пәтерді жалға беретіндер «өзін-өзі жұмыспен қамтушы» ретінде тіркеу міндетті.

НҰРЛАН ЖАҢАБАЕВ, ЗАҢГЕР:

Тіркеуден өтпеген болса, ҚР әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 463 бабына сәйкес, жеке тұлғаға 15 АЕК-ға дейін айыппұл көрсетілген. 64.000 теңге. Ол жерде салық кодексі бойынша ескерту, не кешіру деген көрсетілмеген. 

НАЗЕРКЕ АЛТЫНБЕК, ТІЛШІ:

Өзін-өзі жұмыспен қамтушы ретінде тіркелу үшін бірқатар талап қойылады. Яғни, Қазақстан Республикасының азаматы болуы керек, жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеуі және қызметін жалғыз өзі атқаруы тиіс. Сонымен қатар айлық табысы 300 айлық есептік көрсеткіштен аспауы қажет.

ЕРЛАН ДӘУЛЕТБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ӨНДІРІСТІК ЕМЕС ТӨЛЕМДЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ӘКІМШІЛІКТЕНДІРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Бұл жерде жеке табыс салығы алынып тасталынды. Бар болғаны 4 пайыз арқылы төлеу жүргізіледі. Өзін өзі жұмыспен қамтылғандар үшін арнайы салық режимінде ол жалдамалы тұрғын үйлерді ғана бере алады, ал егер тұрғын емес үйлерді жалға беретін болса, бұл режим әйкес келмейді. Онда ЖК ретінде тіркелуге тур келеді.

Ал зейнеткерлер үшін бұл тәртіп тіпті тиімді. Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, өзін-өзі жұмыспен қамтушы ретінде тіркелген зейнеткерлер әлеуметтік аударымдардан, міндетті зейнетақы және медициналық сақтандыру жарналарынан толық босатылады. Сондай-ақ жеке табыс салығы да төленбейді.