$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Конституциялық реформа халықтың саяси белсенділігін арттырады

Конституциялық реформа халықтың саяси белсенділігін арттырады

Елде конституциялық реформаларға қатысты қоғамдық талқылау қарқынды түрде артып келеді. Сарапшылардың пікірінше, бұл халықтың саяси белсенділігінің жоғарылағанын көрсетеді. Жуырда Президент берген сұхбатында еліміздің қазіргі даму кезеңіндегі басты басымдықтар мен алдағы стратегиялық міндеттер нақтыланды. Сарапшылардың айтуынша, бұл өзгерістер азаматтық қоғамның кең қатысуымен жүзеге асырылуы тиіс, сонда халық пен мемлекет арасында сенім қалыптасып, қоғамның жаңашылдыққа және өзгеріске деген қызығушылығы арта түседі.

НҰРДӘУЛЕТ ЗАТИЛЛА, ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ БӨЛІМ  ЖЕТЕКШІСІ:

Конституциялық реформалар дегеніміз - ол алдағы уақытта, яғни, биыл халық арасында орын алатын азаматтық қоғам арасында орын алатын талқылаулар. Яғни, парламенттегі қос палаталы жүйеден бір палаталы жүйеге ауысу жайлы бір шешімге келу. Осы жөнінде президент былтыр өзі атап өткен болатын егер халық тарапынан қолдау болса, референдум өткізіліп, парламент бір палаталы жүйеге көшеді деген болатын.