Қоқысты бейберекет тастамау –тек тазалық емес, жан-жануарларға деген жанашырлық! Шымкентте «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған танымдық кездесу өтті. Іс-шара барысында қоқыс қалдықтарын бей-берекет тастаудың табиғатқа және жануарлар әлеміне тигізетін зияны, сондай-ақ қоқысты сұрыптаудың қоршаған ортаны қорғаудағы маңызы жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, қала тұрғындары мен жастарға экологиялық тақырыптағы арнайы жадынамалық парақшалар таратылып, қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді.
АРУЖАН РУСЛАНҚЫЗЫ, «ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» КММ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында біз өткен жылы 46 тонна қоқыс жинап, 131 іс-шара өткізген болсақ, ағымдағы жылға 115 шара жоспарлап отырмыз. Бұл жердегі мақсатымыз -70 тонна қоқысты жинау, жәл соның 50 тоннасын қайта өңдеуге жіберу болып отыр. Сонымен қатар көбінесе денді идеологиялық жұмыстарға қойып жатырмыз. Себебі қазір жастарға біз қоқысты жинағаннан гөрі ол жерді ластамағанның дұрыс екендігін түсіндіру.