Елімізде "Таза бейсенбі" акциясы белсенді жүруде. Елордалық оқушыларға дәріс оқылды. Ал жамбылдық еріктілер қарттарға көмектесті. Іс- шарадан Павлодарлықтарда қалыс қалмады.
Елордалық оқушыларға «Таза Бейсенбі» экологиялық акциясы аясында дәріс оқылды. Оқушыларға күнделікті тұрмыста электр энегриясын үнемдеудің жолдары жан-жақты түсіндірілді. Осы арқылы ұйымдастырушылар 2029 жылға қарай Қазақстанда энергия тиімділігін 15 пайызға дейін арттыру тұжымдамасын іске асыруды білім ошақтарында дамытып жатырмыз дейді.
АЛМАС САЙЫН, ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАСЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ БАС МЕНЕДЖЕРІ:
Дәрісте оқушылар мектепте және үйдегі тірлікте энергияны қалай пайдалану, электр технологиялық құрылғыларды пайдалану тек қана энергияға қатысты емес, сонымен қоса ауаны тазартуға да тікелей байланысты.
Ал, Жамбыл облысында белсенді жүріп жатқан «Таза бейсенбі» акциясы бұл жолы Байзақ ауданында жалғасты. Еркітілер жасы 80-нен асқан жалғызбасты қарияның ауласын сыпырып, тұрмыстық қалдықтарды жинады. Бау-бағындағы шыбықтарды шауып, ағаштарды аралады. Арық-атыздарын аршып, бақшасын көктемгі науқанға дайындады. Айта кетейік, ауданда жалғыз тұрып жатқан 37 қария бар. Оларға арнаулы әлеуметтік қызметтің 8 түрі бойынша қызмет көрсетіледі.
МАРЛЕН ЖЕКСЕНБАЙ, БАЙЗАҚ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
"AMANAT" партиясының Таза Бейсенбі арқылы жалғыз ілікті қарттың үйін тазалау жұмысын жүргізіп жатырмыз. Мысалы маусымдық мезгіліне қарай, көктем, күз айларында өйстіп аулаларын тазалау жұмыстары, қыс айларында тазалау жұмыстарын жүргіземіз.
Павлодарда “Таза әлем” атты экологиялық квест ойындары өтті. Іс-шараға 6 команда қатысты. Әр команда отбасы мүшелерінен құралған. Олар 6 түрлі кедергілерден өтіп, өзара бақ сынады. Сайыс ережесі бойынша, қоқысты сұрыптап жинау, экологияға қатысты сұрақтарға жауап беріп, спорттық жарыстарға қатысты.
АҢСАҒАН БЕСКАРИНА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЕКІБАСТҰЗ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КОНСУЛЬТАНТЫ:
Мақсаты республикалық “Таза Қазақстан” акциясын қолдау және де Екібастұз тұрғындары арасында экологиялық тәрбиені дамыту деп есептейміз. Бұл акцияны Екібастұз қалалық мәслихат депуттары және де ең үлкен көмір алабы “Богатыр” қолдап жатыр.
Осы арқылы ұйымдастырушылар жас ұрпақтың бойында отангүйсүйгіштік сезімді қалыптастыруды көздеп отыр. Енді іс-шара дәстүрлі түрде үш айда бір рет өткізіліп отырады.