$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ақтөбе облысында мектеп автобусы жалған нөмір тағып алып, оқушыларды тасып жүрген

Ақтөбе облысында мектеп автобусы жалған нөмір тағып алып, оқушыларды тасып жүрген

Ақтөбе облысының аумағында өтіп жатқан «Жалған нөмір» атты ауқымды науқанның бірінші күнінде ереже бұзған 169 жүргізуші анықталды.

Әдейі жалған нөмір тағып алған үш көлік, көлігінің тіркеу нөмірін әдейі жасырған 6 адам анықталған.

Солардың бірі, полиция жазғандай, Ақтөбе қаласында оқушыларды тасыйтын автобус иесі болған. Ол автобусқа жалған нөмір тағып алып жүре берген.

«Бұдан басқа, мемлекеттік тіркеу нөмірін бояп алған жүк көлігінің жүргізушісі мен шетелдік нөмірінің үстіне жалған мемлекеттік нөмірін тағып алған бір жүргізуші ұсталды», - деп хабарлайды полиция.

Жалпы, рейд аясында қарсы бетке шығып кеткен 11 жүргізуші, алкогольді мас күйде рульге отырған 3 жүргізуші, мемлекеттік нөмірі мүлде жоқ көліктерді жүргізген 11 жүргізуші анықталды.