Қызылордада анасы мен 34 жастағы қызы кісі қолынан қаза тапты. Оларды өз пәтерінде пышақтап кеткен. Полиция департаментінің мәліметінше, қанды қылмыс туралы марқұмдардың көршілері хабарлаған. Күдікті -сол көшенің тұрғыны.
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ:
Аталған дерек бойынша адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпараттар жария етілмейді.