Ақтөбеде мектеп автобусы жалған нөмірмен жүріп, бала тасыған. Бұл- балалардың қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіретін өрескел заңбұзушылық,дейді тәртіпсақшылары. Арнайы рейд барысында 169 жүргізуші жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылған. Үш көлік жалған нөмірмен жүрген, алты жүргізуші тіркеу нөмірін әдейі жасырған. Сондай-ақ, нөмірін бояп алған жүк көлігі, шетелдік нөмірдің үстіне жалған қазақстандық тіркеу нөмірін таққан жүргізуші анықталды. Қарсы бағытқа шыққан 11 жүргізуші, мас күйде рөлге отырған 3 адам, мемлекеттік нөмірі мүлде жоқ көлікті басқарған 11 жүргізуші ұсталды.